06.02.2026 жылы мектебімізде « Өмірге «Иә» деп айт!» онкүндігі аясында 9- сыныптар арасында « Өмірге хат» атты эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың өмірге деген позитивті көзқарасын қалыптастыру, достықтың қадірін түсіндіру, өз ойларын еркін әрі көркем жеткізе білуге баулу. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында бірлік, сыйластық, өзара қолдау сияқты қасиеттерді дәріптеу көзделді.
Байқау қорытындысы бойынша
9 «Б» сынып оқушысы Серикқызы Аруай Бас жүлде,
1-орын 9 «А» сынып оқушысы Кенжебекқызы Бану,
2-орын 9 «А» сынып оқушысы Санақбай Кәусар, Аманғали Ақбота,
3-орын 9 «Б» сынып оқушысы Қоскелді Дария ,
9 «А» сынып оқушысы Құрманғазы Айару, Мәлік Гүлдерай жүлделі орындармен марапатталды.

KZ
