Мектебімізде көрнекті ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында ақынның жүрекке жылы тиетін шығармалары кеңінен насихатталды.
Іс-шарада «Ана, сен бақыттысың», «Бақыт деген», «Мен деп ойла», «Есіңе мені алғайсың», «Күн қайда асығады» әндері әуелеп шырқалды. Сонымен қатар «Шеше, сен бақыттысың», «Автограф», «Жоқ, дәрігер», «Үш бақытым» және тағы да басқа өлеңдері оқушылар тарапынан мәнерлеп оқылды.
Әдеби-сазды кеш көрермендерге рухани әсер сыйлап, ақын мұрасының мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді. Жетекшісі:Төребай Зере Қадырбаева Әйгерім

KZ
