Өнегелі 15 минут аясында 5 “б” сынып оқушысы Қадырбай Ясинаның анасы Алибекова Ақжан келіп, өз қолымен дайындаған өнімдерін көрсетіп, оларды қалай және қандай мақсатпен дайындайтынын әңгімелеп берді.Еңбектің қадірі, адал табыс табудың маңызы туралы өнегелі ойларымен бөлісті. Балалар қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, жауап алды.
Іс-шара барысында оқушылар ананың еңбегіне құрмет білдіріп, үй еңбегінің де үлкен төзім мен жауапкершілікті талап ететінін түсінді.
Бұл өнегелі кездесу оқушыларды еңбекқорлыққа, ата-ананы сыйлауға, қол еңбегін бағалауға тәрбиеледі. Балалар өз болашағында пайдалы іспен айналысудың маңызын ұғынды.
Сынып жетекшісі: Мырзағалиева.А.К

KZ
