Skip to content

«Мейірімді жүрек, мейірімді әлем» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің басты…

«Мейірімді жүрек, мейірімді әлем» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің басты мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету болды. Қайырымдылық шарасына аталған сыныптар белсенді қатысып, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, тәтті тағамдарын және түрлі пайдалы заттарын ұсынды. Жәрмеңке жылы атмосферада өтіп, қатысушылар бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарына бағытталды.