4.02.2026ж ЖББ Шахта мектебінде Ұлттық мектеп лигасы 7-8, 9-11 сынып ұл- қыздары арасында Бес асық және Асық атудан мектеп оқушылары арасында аудандық кезеңі өткізілді.
Аудандық кезеңге аудан мектептерінен іріктелген командалар қатысып, өзара жоғары деңгейде бәсекеге түсті. Жарыс барысында қатысушылар ептілік, дәлдік, шапшаңдық және ойын ережелерін сақтау жағынан жақсы нәтижелер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ЖББ Шахта мектебінің 7-8 сынып Асық атудан ұлдар және Бес асықтан қыздар командасы,
9-11 сыныптар бойынша Асық атудан ұлдар командасы, Бес асықтан қыздар командасы 1 орын алып облысқа жолдама алды.
Шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

KZ
