Ақпарлама
“Жалпы білім беретін Шахта мектебі” КММ-де «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында 9-сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін қауіпті заттар, өрт сөндіруге арналған құралдарды қолдану ережелері және мектеп аумағына әкелуге тыйым салынған заттар туралы ақпарат берілді.
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, қауіпті заттарды өз бетінше пайдаланбау және тәртіп талаптарын орындаудың маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталды.
Сынып жетекшілер:
Каниева Онай
Өсербаева Асылхан
Тынымбаева Динара
KZ

