Мектебімізде 11-сынып оқушыларының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 2-тоқсанның қорытындысы, жетістіктері көрсетіліп, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі талқыланды. Сонымен қатар ҰБТ нәтижелері сараланып, алдағы дайындық жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиында мектеп ережелерін қатаң сақтау, АПҚО талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиналыс соңында оқушылар мен ата-аналарға “Сенім. Таңдау. Болашақ.” тақырыбында мамандық таңдау кезеңіндегі өзара түсіністікті күшейту, ата-ана бақылаушы емес, серіктес рөлін сезіну, оқушының жауапкершілік пен дербестік сезімін арттыру мақсатында психолог Отебаева Асем тренинг жүргізді. Тренинг өз мақсатына жетті.
Оқушылардың эмоционалдық күйін қолдау, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті нығайту бағытында жұмыстар жүргізілді.

KZ




