Skip to content

2026 жылғы 6 сәуір күні Маңғыстау облысы білім басқармасының “Білім…

2026 жылғы 6 сәуір күні Маңғыстау облысы білім басқармасының “Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының” хатына сәйкес Ақтау қаласы бойынша “Білім берудің оқу- әдістемелік орталығы” КММ-сі, “№13 гимназиясы” КММ-сі, “IT мектеп-лицей” КММ-сі ұйымдастыруымен «Білім сапасын арттырудағы заманауи жобалар және тиімді серіктестік» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар Түпқараған ауданы Жалпы білім беретін Шахта мектебінде өтті. Іс-шараға білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи жобалар мен тиімді тәжірибелерді таныстыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту.
Бағдарлама аясында:
• жасанды интеллект пен цифрлық білім беру ресурстарын қолдану,
• оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері,
• оқу процесін жетілдіру және деректермен жұмыс жүргізу,
• пәндер бойынша (информатика, физика және т.б.) нәтижеге бағытталған оқыту тәсілдері қарастырылды.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді. Іс-шара қорытындысында кері байланыс жүргізіліп, алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.