15 минуттық үзіліс кезінде 8 «Ә» сынып оқушылары мектеп кітапханасына барып, уақыттарын пайдалы өткізді. Оқушылар әртүрлі қызықты кітаптарды қарап, кейбірі дауыстап оқып, өзара пікір алмасты. Кітапханада тыныш әрі жағымды атмосфера орнады.
Кітапханашы Тазагүл апай оқушыларға қызықты сұрақтар қойып, олардың ойлау қабілетін дамытты. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Бұл шағын кездесу балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын оятты.
KZ

