04.06.2026 ж.
ЖББ «Шахта мектебі» КММ жанындағы «Балалар ЖИ әлемінде» атты жазғы лагерьдің 4-күні экология тақырыбына арналды.
«Қоқыстарға жаңа өмір сыйла» атты шығармашылық сайыс ұйымдастырылып, әр топ тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түрлі сәндік және пайдалы бұйымдар жасады. Оқушылар өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсетіп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын насихаттады.
Сайыс қорытындысы бойынша барлық топтар белсенді қатысқандары үшін дипломдармен марапатталды. Іс-шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. 🌿♻️✨
KZ

