03.02.2026 ж мектебімізде “Өмірге “Иә” деп айт!” онкүндігі аясында “Менің өмірім-менің таңдауым” тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты:оқушыларға өз өмірі үшін жауапкершілікті сезіндіру, саналы таңдау жасауға үйрету, өзіндік пікір мен сенімділікті дамыту. Әңгіме талдау сұрақтарымен қамтылып, оқушылар өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар оқушыларға “Сенім жәшігі” таныстырылды. Сенім жәшігі – бұл адамдардың (көбіне оқушылардың) аты-жөнін көрсетпей, өз ойы, мәселесі, ұсынысы немесе шағымын жазып қалдыруына арналған арнайы жәшік. Қандай да бір мәселе болса осы сенім жәшігіне салу ұсынылды.
Қатысқандар: 8сынып оқушылары. Өткізген: мектеп психологтары

KZ
