Skip to content

02.02.2026 ж мектебімізде білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, өмірге деген…

02.02.2026 ж мектебімізде білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, суицидтің алдын алу мақсатында « Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндіктің ашылуы өтті. Онкүндіктің жоспары таныстырылды. «Өміріңді өзгерткің келсе, өзіңе сен!» атты видеоролик көрсетіліп, “Үрмелі стакан”атты сергіту жаттығуларымен аяқталды. Оқушылар жағымды эмоциялары мен кіршіксіз көңілдерін, жағымды қарым-қатынастарын көрсете білді. Мектеп кітапханасында «Өмір-ең үлкен құндылық» атты психологиялық ақпараттық бұрыш жасақталып, оқушылар өздеріне қажетті ақпараттарды алуда. Қатысқандар: 5-11сынып оқушылары. Өткізген: мектеп психологтары